+7 (727) 267-28-83

26.10.2021 - 03.11.2021

Название:
3 қараша, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы қаласындағы Корей Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Кореямен танысу» кітап бұрышы жұмысының аясында «Корей әдебиеті кеші» өтеді.
Дата:
26.10.2021 - 03.11.2021
Расположение:

Описание

3 қараша, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы қаласындағы Корей Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Кореямен танысу» кітап бұрышы жұмысының аясында «Корей әдебиеті кеші» өтеді.

Іс-шараның мақсаты - корей мәдениетімен, тарихымен танысу, корей әдебиетінің білім аясын кеңейту және екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайту. Іс-шараға Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар, жазушылар мен қоғам қайраткерлері, театрлар, БАҚ өкілдері шақырылды. Кешті ұйымдастырудағы серіктестер – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы.

Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су ашады, сондай-ақ іс-шараның құрметті қонақтары сөз сөйлейді.

Әдеби кеште әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері қатысады, олар корей авторларының туындыларын әлемнің 4 тілінде оқиды.

Іс-шара Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры әртістерінің концерттік номерлерімен сүйемелденеді.

Әлем әдебиетінің оқу залында «ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан корей әдебиеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде көркем әдебиеттер, поэзия және Корей тарихының кітаптары, сондай-ақ Қазақстандағы корей авторларының қазақ және орыс тілдеріне аударылған шығармалары және қазақ жазушыларының корей тіліндегі кітаптарының аудармалары ұсынылады.

 

Іс-шараға шақырамыз!