+7 (727) 267-28-83

03.12.2021 - 07.12.2021

Название:
7 желтоқсан, сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, профессор Досан Баймолданың «Көз көрген асыл ағаларым» атты естелік кітабының тұсаукесері өтеді
Дата:
03.12.2021 - 07.12.2021
Расположение:

Описание

7 желтоқсан, сағат  11.00-де  Н. Дәулетова атындағы залда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай белгілі ғалым, ұстаз, физика ғылымдарының докторы, профессор, публицист Досан Баймолданың «Көз көрген асыл ағаларым» атты қазақ ұлтының мақсат-мүддесі жолында өзіндік ерекше қасиеттерімен есінде қалған ағалары туралы естелік кітабының тұсаукесері өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ елінде және шетелде өмір сүріп жатқан қазақтар арасында өзінің ұлты, діні, тілі, тарихы, салт-дәстүрін биікке қойып,  осы жолдағы күресте ерекше қасиеттерімен дараланған асыл ағалардың айтқан сөздерін, ұлтының болашақ тағдыры жөніндегі кеңестерін   ұрпақ есінде қалдыру.

Тарихи-танымдық және публицистикалық салада қалам тербейтін қаламгердiң бұған дейін баспадан жарық көрген «Азаттық радиосының тарихы және тәжірибесі», «Қазақ радиосы», «Шындық жаршысы», «Қазақ көші», «Польша күнделігі», «Европадағы қазақтар», «Қилы тағдыр», «Қожаберген батыр Жәнібекұлы» атты кітаптары оқырман жүрегiне төте жол табуымен ерекшеленеді.

Тұсаукесерде құрметті қонақтарға және оқырмандарға кітаптар табыс етіледі.   

Қатысушылар: зиялы қауым,  БАҚ өкілдері  және т.б.

Сайтта

Қазір сайтта 349 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.