+7 (727) 267-28-83

27.05.2022 - 01.06.2022

Название:
1 маусымда Әдебиет академиясы залының жұмысы форматында ҚР Ұлттық кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне - А.Ниязова-Белованың «Лисёнок Рыжик и тайна хорошего дня» кітабы желісімен квест-оқиғасы бойынша іс-шара өтеді.
Дата:
27.05.2022 - 01.06.2022
Расположение:

Описание

1 маусымда Қазақстанда жарияланған «2022 жыл - Балалар жылы» аясында және Әдебиет академиясы залының жұмысы форматында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне - А.Ниязова-Белованың «Лисёнок Рыжик и тайна хорошего дня» кітабы желісімен квест-оқиғасы бойынша іс-шара өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушы: балалар жазушысы, педагог, 6 кітаптың авторы - Ниязова-Белова Агата Георгиевна. Автордың кітаптары мен шеберлік сыныптары баланың тұлға ретінде өсуіне және дамуына, өзін түсініп, жеке басына сенімділік пен өзгенің жанын түйсінетін сезімтал қасиеттерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Агата Ниязова-Белова сонымен қатар, кітап театрының, «В поисках талантов» спектаклінің және авторлық іс-шаралар агенттігінің www.agatasevent.kz авторы, онда ол өзінің командасымен жеке кітаптары бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында іс-шаралар өткізеді. Агатаның іс-шараларына қатысқан 1000-нан астам бала оқуға, сондай-ақ өз әңгімелерін жазуға шабыт алды. Оның шеберлік сабақтарынан кейін жаза бастаған балалар «Жас жазушы» марапаттарына ие болады, бұл басқа балаларды жазуға және шабыттандыруға ынталандырады.

Іс-шара қонақтары «Лисёнок Рыжик и тайна хорошего дня» кітабындағы квест-оқиғаға, автордың кітабын жарқын әрі эмоционалды оқуға қатыса алады, кітап кейіпкерімен детективтік тергеу ойнай алады, соңында оларды би флешмобы күтеді.