TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

19.09.2022 - 23.09.2022

Title:
23 қыркүйек, сағат 10:30-да Н.Дәулетова атындағы залында «Қазақстан баспасөзі: бүгіні мен ертеңі» атты конференция өтеді
Date:
19.09.2022 - 23.09.2022
Location:

Description

23 қыркүйек, сағат 10:30-да Н.Дәулетова атындағы залында «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдығына және «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдығына арналған «Қазақстан баспасөзі: бүгіні мен ертеңі» атты конференция өтеді.

Тәуелсіздіктің құрдасы болған халықаралық қоғамдық-саяси газеттің алғашқы атауы "ZAMAN-Қазақстан" болды. Алғашқы редакторы - халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджанов, ол басылымның елімізде таралуына және халық арасында танымал болуына елеулі үлес қосты. Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын халықаралық басылым жаңа бөлімдерді жариялайды және қоғам үшін маңызды мәселелерді оқырмандардың назарына ұсынады.

1992 жылдың 17 қаңтарында алғаш рет "ZAMAN-Қазақстан" газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Содан бері газет ел және әлем жаңалықтарымен таныстырып, өзекті саяси және ағартушылық мақалалар жариялап келеді.

"Мөлдір бұлақ" балалар журналына 2022 жылы 20 жыл толады. Бұл журналда балалардың әңгімелері мен әдеби шығармалары жарияланады.

Конференция аясында "Ұлт шырағы" және "Намыс қайрағы" кітабының тұсаукесері өтеді.

Аталған іс–шара Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен "KitapTime-2022" кітап фестивалі форматында өтеді.

Қатысушылар: белгілі журналистер, жазушылар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және т. б.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан мерзімді басылымдар - "Qazaqstan dauiri" газеті мен "Мөлдір бұлақ" балалар журналының көрмесі ұйымдастырылды. Газеттің мерейтойлық нөмірлері, белгілі жазушылар, оқиғалар мен даталар туралы мақалалар, сондай-ақ "Qazaqstan dauiri" газетінің беттерінде жарияланған ҚР Ұлттық кітапханасы туралы мақалалар ұсынылған.