23.09.2022
Description
Баспасөз хабарламасы
ҚР Ұлттық кітапханасы 23 қыркүйек
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 10.00 сағ.
2022 жылғы 23 қыркүйек, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «КіtаpTime – 2022» республикалық кітап фестивалі өтеді.
Фестивальдің мақсаты – кітапхана қызметінің жаңа, креативті түрлері арқылы халықты кітапқа және кітап оқуға тарту.
«KitapTime» – 2022 аясында алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарына, студенттерге, мұғалімдерге, жазушыларға, шығармашылық зиялы қауымға, студенттерге, БАҚ өкілдеріне арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Фестиваль бағдарламасында:
- «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдығы мен «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдығына арналған «Қазақ баспасөзі: бүгінгі мен ертеңі» атты конференция;
- еркін микрофон форматындағы «Поэзия Party» поэзия кешінде ақындар қонақтармен бірге өздерінің немесе авторлық шығармаларды оқиды. Кеш аясында қазіргі қазақ жазушыларының көрмесі ұйымдастырылады;
- ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі қорынан отандық және шетелдік классиктердің шығармалары, барлық жанрдағы вокалды-аспаптық шығармалар, ансамбльдер, симфониялық, музыкалық-сахналық шығармалар тыңдау мүмкіндігімен ұсынылған «Күйтабақтар әлеміне саяхат» атты күйтабақтар көрмесі;
- «Заманауи бестселлерлер» кітап көрмесі. Көрме қазақстандық және әлем жазушыларының ең танымал және көптаралымды кітап басылымдары ұсынылған үш бөлімнен тұрады;
- «Оқы және өзгемен бөліс» Буккроссингі – әдебиеттер жинағы, кітапханаға кез-келген келуші өзіне ұнаған кітабын үйіне алып-кетіп, оқып, кейін оны басқа ниет білдірушілерге оқу үшін тапсыра алады;
- Ашық есік күнінде – қонақтарға және барлық тілек білдірушілерге ҚР Ұлттық кітапханасы бойынша тегін экскурсия.
ҚР Ұлттық кітапханасына хош келдіңіздер!