+7 (727) 267-28-83

23.09.2022

Название:
23 қыркүйек, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен   «КіtаpTime – 2022» республикалық кітап фестивалі өтеді.
Дата:
23.09.2022
Расположение:

Описание

 

Баспасөз хабарламасы

ҚР Ұлттық кітапханасы                                                                     23 қыркүйек

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14                                                    10.00 сағ.

 

 

2022 жылғы 23 қыркүйек, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен   «КіtаpTime – 2022» республикалық кітап фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – кітапхана қызметінің жаңа, креативті түрлері арқылы халықты кітапқа және кітап оқуға тарту.

«KitapTime» – 2022 аясында алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарына, студенттерге, мұғалімдерге, жазушыларға, шығармашылық зиялы қауымға, студенттерге, БАҚ өкілдеріне арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Фестиваль бағдарламасында:

          - «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдығы мен «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдығына арналған «Қазақ баспасөзі: бүгінгі мен ертеңі» атты конференция;

          - еркін микрофон форматындағы «Поэзия Party» поэзия кешінде ақындар қонақтармен бірге өздерінің немесе авторлық шығармаларды оқиды. Кеш аясында қазіргі қазақ жазушыларының көрмесі ұйымдастырылады;

          - ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі қорынан отандық және шетелдік классиктердің шығармалары, барлық жанрдағы вокалды-аспаптық шығармалар, ансамбльдер, симфониялық, музыкалық-сахналық шығармалар тыңдау мүмкіндігімен ұсынылған «Күйтабақтар әлеміне саяхат» атты күйтабақтар көрмесі;

          - «Заманауи бестселлерлер» кітап көрмесі. Көрме қазақстандық және әлем жазушыларының ең танымал және көптаралымды кітап басылымдары ұсынылған үш бөлімнен тұрады;

          - «Оқы және өзгемен бөліс» Буккроссингі – әдебиеттер жинағы, кітапханаға кез-келген келуші өзіне ұнаған кітабын үйіне алып-кетіп, оқып, кейін оны басқа ниет білдірушілерге оқу үшін тапсыра алады;

          - Ашық есік күнінде – қонақтарға және барлық тілек білдірушілерге ҚР Ұлттық кітапханасы бойынша тегін экскурсия.

ҚР Ұлттық кітапханасына хош келдіңіздер!