+7 (727) 267-28-83

24.03.2023 - 27.03.2023

Название:
27 наурыз, сағат 14.30-да ҚР Ұлттық кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына, Отыншы Әлжанұлының 150 жылдығына, Мағжан Жұмабай, Біләл Сүлейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған диспут өтеді
Дата:
24.03.2023 - 27.03.2023
Расположение:

Описание

27 наурыз, сағат 14.30-да ҚР Ұлттық кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына, Отыншы Әлжанұлының 150 жылдығына, Мағжан Жұмабай, Біләл Сүлейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған «Алаш арыстарын қаншалықты таныдық?!» тақырыбындағы тарихи-танымдық диспут өтеді.

Шараның мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігі мен азаттығы жолында құрбан болған Алаш зиялыларының өмір жолын, өнегесін, тағылымын дәріптеу, жастар мен студенттердің қазақ халықының тарихы, тұлғалары туралы пікірлерін тыңдау, олардың Отаншылдық қасиеттерін, патриоттық көзқарастарын кеңейту, дамыту.

Шара аясында Алаш тұлғаларының өмір жолы туралы белгілі алаштанушы ғалымдар Елдос Тоқтарбай, Әлібек Байбол, Абай Мырзағали дәріс оқып, студенттерге беймәлім тұлғаларды таныстырады. Алматы қаласындағы ЖОО студенттері өз оқу орындарының намысын қорғап, командалық тұрғыда диспуттық сайысқа түсетін болады.

Қатысушылар: студенттер, кітапхана оқырмандары, Алаш тарихына қызығушы оқырмандар.