+7 (727) 267-28-83

16.01.2025

Название:
16 қаңтар, сағат 15.00-де Нияз Тобыштың «Иран қазақтары» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
16.01.2025
Расположение:

Описание

16.01

16 қаңтар, сағат 15.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Иран кітап бұрышының қызметі аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Парсы тілі кабинетінің» меңгерушісі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, PhD, Ираннан көшіп келген белгілі шығыстанушы-аудармашы Нияз Тобыштың «Иран қазақтары» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Нияз Тобыш 1957 жылы Иран Ислам Республикасының Гонбед Каус қаласында дүниеге келген. 1975-1979 жылдары Тегеран университетінде оқып, ағылшын тілі факультетін бітірді. Маңғыстауға 1995 жылы көшіп келген. Шығыс әдебиетінің ең танымал шығармаларының бірі «Тотынама» (2005)  кітабын ежелгі түркі тілінен (шағатай тілінен), «Англо-казахского словаря для вузов» (2006), «Англо - казахской грамматики» (2007) кітаптарының авторы Әбіш Қожаның қолжазбасынан (2005) аударған. Автор парсы тілінен Мұхаммед ибн Наджиб Бекранның ортағасырлық «Джахан-Нама» тарихи кітабын қазақ және ағылшын тілдеріне аударды.

«Иран қазақтары» кітабы шетелде тұратын, бірақ өз мәдениетін, тілі мен дәстүрін сақтаған Иран қазақтары туралы.

Іс-шараның модераторы  - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, шығыстанушы Ислам Жеменей.

Тұсаукесерге қатысушылар: Иран Бас консулдығының мәдени атташесі, Алматы қаласындағы Иран мәдени орталығының директоры Ағазаде Хоссейн мырза; Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төреәлі Қыдыр; Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты директорының сыртқы байланыстар бойынша орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Жеңіс Жомарт; әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев; Оңтүстік Азия және Таяу Шығыс елдері кафедрасының оқытушысы, PhD, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессоры Батырхан Болатбек; профессор, әл-Фараби ат. ҚазҰУ шығыстану факультеті «Жазба ескерткіштері және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Зубайда Шадкам; шығыстанушы-парсы тілінің аудармашысы Гаухар Омарханова және т.б.

Барша ниет білдірушілерді шақырамыз!