Қазақша     Русский     English
 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   12345
6 789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
 
барлығы:  1127862
2010 жылы:  746605
бүгiн:  206
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.07.2010

    2010 жылы 9 шілде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Түркі халықтарының мәдениетін қолдау қоғамдық ұйымымен (ТҮРКСОЙ) бірлесіп Күнімжан Байқадамованың «Байқадамовтар әулеті» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
     «Байқадамовтар әулеті» атты кітапта кешегі кеңес заманының кереғар саясаты тұсында нақақтан зардап шегіп, қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш ардақтыларының бірі – Байқадам Қаралдиннің өмірі  мен ұрпақтары жайында жазылған. Автор Күнімжан Байқадамова тәуелсіздік тұсында жарық көрген материалдарды негізге ала отырып, жадында қалған естеліктерді жинақтап, арманда кеткен аяулы әке, апасы-Данабике, ағасы- Бақытжан, сіңлісі-Айсұлу туралы сыр шертіп, осы отбасының әулеттік шежіресін жасаған.
    Тұсаукесерге кітаптың авторы профессор Күнімжан Байқадамова, Түркі халықтарының мәдениетін қолдау қоғамдық ұйымының (ТҮРКСОЙ) төрағасы Д.Қ.Қасейінов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,театр сыншысы Ә.Сығай, Орталық мемлекеттік мұражай директоры Н.Әлімбай, белгілі жазушы С.Әсіпов және Байқадам Қаралдиннің ұрпақтары қатысты. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2009
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование