Қазақша     Русский     English
 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
    1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
2728293031
 
барлығы:  6072706
2014 жылы:  648265
бүгiн:  208
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2012

    ҚР Ұлттық кітапханасында ұжымның Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрайымы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы және осы Комитеттің хатшысы Иқсанова Гүлнәр Мұстахимқызымен  кездесуі өтті.

    Кездесуде кітапхананың өзекті мәселелері талқыланды: заңнама бойынша – міндетті дана туралы заң қабылдау, оның құрамын  ұлттық электронды ақпараттық қор болып табылатын электронды кітапханалар мен электронды желілік ресурстарды енгізу арқылы кеңейту; кітап сақтау бөлімін күрделі жөндеуден өткізу; Консервация және сақтау институтын құру, т.б.

    Ұлттық кітапхананың бас директоры Г.Қ.Балабекова сонымен қатар кітапхананың инновациялық бағыттары туралы айтып өтті:  Қазақстанның  индустриялық-инновациялық дамуын кітапханалық ақпаратпен қамтамасыз етудің  2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске  асыру, ол кітапхана қорларын инновациялық техникалық әдебиеттермен толықтыруға бағытталған; кітаптар мен газеттердің бірегей қорын сақтап қалу үшін Сандық түрге көшіру және микрофильмдеу орталығын құру, т.б. жобалар. Сөз соңында Г.Қ.Балабекова Д.Н.Назарбаеваға ҚР Ұлттық кітапханасының іргелі библиографиялық басылымдарын: «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті», Егеменді Қазақстанның философиялық ғылымдары», «Қазақстан тарихы» көрсеткіштерін тарту етті.

     Қорытындылай келе, Д.Н.Назарбаева  кітапхана ұжымын  еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтуда атсалысып жатқан еңбектері үшін алғысын білдірді.

                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2013
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование