22 сәуір, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанда жарияланған Балалар жылы және Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында әлемнің 100-ден астам елінде жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY - 2022» ауқымды мерекелік іс-шарасы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты жоғары оқу мәдениетіне баулу, кітапқа деген қызығушылығын ояту, оқу сауаттылығын дамытуға жәрдемдесу және оқырман белсенділігін арттыру.
«KITAP SHOY - 2022» кітап мерекесі аясында жас музыканттарды, музыкалық және орта мектептердің, Оқушылар сарайының дарынды орындаушыларын, Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының әртістерін тартумен іс-шаралар циклы жоспарлануда.
Бағдарламада қамтылады:
– Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезовтің мұрасы және отаншылдық рухы» атты әдеби кеш;
– Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының кейіпкерлер әлемі» атты дөңгелек үстел;
– Жазушы Сәуле Досжанмен кездесу;
- Балаларға арналған интерактивті ертегі және квест (Алматы қ. Гёте-Институты);
– «Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері: қоғам мен камера алдындағы еркіндік және сенімділік» экспресс-тренингі (коуч Вероника Насальская);
– «Трансформа» мәдени кеңістігі көрсетіліміндегі иммерсивті аудиоқойылым;
– Воркшоп: «Шығармашылықты дамыту және жеке брендті құру» (спикер Андрей Орлов);
– «Бизнес орта» мотивациялық кездесу (спикер Сырымбек Тау).
Серіктестер:
– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
– Алматы қаласының Мәдениет басқармасы;
– Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігі;
– Қазақстан Гете-Институты;
– «Трансформа» мәдени кеңістігі және Impact Hub Almaty;
– USW Network - Алматы жазушылар қоғамдастығы;
– «Damu Business Group» бизнес қауымдастығы;
– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
«KITAP SHOY`- 2022» аясында кітап жәрмеңкесі өтеді және басылымдар сыйға тартылады.
Іс-шараға ақын-жазушылар, баспагерлер, коучтер, бизнесмендер, оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.