+7 (727) 267-28-83

   2018 жылғы 11 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында ү.ж. 13-14 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін «КІТАПХАНА – ҚОҒАМНЫҢ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ, КӨП ДЕҢГЕЙЛІ  ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ИНСТИТУТЫ» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезінің дайындық жұмыстарына, басқа да өзекті мәселелерді талқылауға арналған жұмыс отырысы өтті.

   Аталған шараның жұмысына Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының (РҒТК) кітапхана жұмысы және инновациялар жөніндегі вице-президенті И. В. Соловьева, ҚР БжҒМ  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының директоры Қ.Е. Қаймақбаева, ҚР ҚР БжҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы  ғылыми-әдістеме бөлімшесінің басшысы А.Б. Емишова, патенттік-ақпараттық жұмыстар орталығының (РҒТК) директоры                       А.М. Муканова, Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы директорының кеңесшісі К.Е. Байзакова, Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің (ОКЖ) директоры Р.К. Кабиева, ОКЖ әдіскері О.И. Купцова және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.К. Оспанова және Ғылыми-әдістемелік қызмет жетекшісі Г.А. Маханбетова қатысты.
   Отырысты ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова жүргізді.
   Отырыс барысында қатысушылар Съезд жұмысының тұжырымдамасымен, бағдарламасымен танысып, ұйымдастыру мәселелері жөнінде көптеген келіссөздер жүргізді.