+7 (727) 267-28-83

6

«Алаш» қозғалысы: тарих және қазіргі заман: библиографиялық көрсеткіш = Движение «Алаш»: история и современность: библиографический указатель / Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы; құраст.: Д.Ә. Қыстаубаева, М. Оқап; ғылыми ред. С.А. Жүсіп, ред.: М.К. Әбілова, Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2017. – 367 б.

Басылым «Алаш» қозғалысының 100-жылдығына арналады және 2005 жылы жарық көрген  көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялық көрсеткіш тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, мамандарға және жалпы оқырман қауымға арналған.

8

Әлихан Бөкейхан: библиографиялық көрсеткіш: 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: С.Б. Балғымбаева, М. Оқап; ғылыми ред. С.А. Жүсіп, ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2017. – 285 б.

Библиографиялық көрсеткіш 2016 жылы Ә.Бөкейханның мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып өтілуіне байланысты және 2017 жылы «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметіне арналған. Көрсеткіш Әлихан мұраларын зерттеушілерге, тарих, мәдениет саласының қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналады.