+7 (727) 267-28-83

 2019 жылғы 12 маусымда Н. Даулетова атындағы залда  Солтүстік Каролина штатының Дэвидсон колледжінің ағылшын тілі профессоры Бренда Фланаганмен шығармашылық кездесу өтті.

IMG 20190613 WA0012

Ол бүкіл әлемде өзінің әңгімелері мен өлеңдерінің ерекше театрландырылған тұсау кесерлерімен танымал. Қазіргі уақытта ол Солтүстік Каролинадағы Дэвидсон колледжінде жазушылық шеберліктен, Кариб және афроамерикандық әдебиетінен сабақ береді.

Тринидаданың тумасы, ол Құрама Штаттарда өзінің көркем және драмалық шығармалары үшін көптеген сыйлықтарды жеңіп алды. Бренда Фланаган Энн-Арбордағы Мичиган университетінде докторлық дәрежеге ие болып, АҚШ Мемлекеттік департаментінде мәдениет елшісі болып жұмыс істейді. Профессор Фланаган мәдениет елшісі қызметімен Бразилия, Сауд Арабиясы, Чили, Кувейт, Тунис, Марокко, Чех Республикасы, Үндістан, Чад, Панама сияқты елдерде, сондай-ақ, Тәжікстанда, Түркіменстанда және Қазақстанда болды.

        Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А. Х. Юсупова ашып, кездесу кешінің модераторы ҚР Америка Құрама Штаттарының Елшілігіндегі Фулбрайт бағдарламасының үйлестірушісі  Асият Сүлейменова болды. Шығармашылық кездесу өте жылы, достық қарым-қатынаста өтті. Бренда Фланаганның афроамерикандық авторлардың эмоционалдық поэтикалық, театрланған революция, ұлттық мақтаныш, достық және махаббат туралы оқыған шығармаларын оқырмандар, қонақтар, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен кітапхана қызметкерлері қызығушылықпен тыңдады. Қонақтар жазушының өмірі мен шығармашылық қызметі, афроамерикалық жазушылардың әдеби жанрындағы жаңа ағымдар туралы сұрақтар қойды. Бренда Фланаган ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы өзінің кітаптарына қолтаңбасын қалдырып, қазақстандық оқырмандарға жылы лебізін білдірді.

Flanagan   IMG 20190613 WA0028
00169   IMG 20190613 WA0022