+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 24 шілдеде Н.Дәулетова атындағы залда қазақ тілінің «МӘМІЛЕ» пікірталас клубының презентациясы өтті.

WhatsApp Image 2019 07 24 at 164607Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, «Мәміле» клубының директоры Қанат Ғалымұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады.

Қазақ  тілін үйрету барысында қазақ халқының рухани құндылықтарын  түсіндіру,  меңгеру арқылы барлық ұлт өкілдерін жақындастыру, ынтымақтастыру, өзара бір-біріне сенімдерін арттыруды мақсат еткен «Мәміле» клубының директоры Қанат Ғалымұлы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған қалаларында жұмыс істеп жатқан  клубтардың  осы уақытқа дейін атқарылған біршама игі істері мен бастамаларына тоқталып, клуб құрамын таныстырды.                                                                                                                                                 

Іс-шараға қатысушыларға клубтың күнделікті жұмысының нұсқаулығы болып табылатын «Ситуативный казахский» кітаптары сыйға берілді.

Шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2019 07 24 at 164614   WhatsApp Image 2019 07 24 at 164610
WhatsApp Image 2019 07 24 at 164612   WhatsApp Image 2019 07 24 at 164611