+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 30 қаңтарда  Н.Дәулетова атындағы залда ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі, Талғар аудандық мәслихатының депутаты Әбдіғани Безілханұлының «Күміс өзен күмбірі» кітабының тұсаукесері өтті.

Әбдіғани Безілханұлы 1969 жылы Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң ұлттық автономиялық районының Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. 2004 жылы атамекенге қоныс аударған. ҚХР мемлекеттік «Шоқжұлдыз» өнер фестивалінің күміс медаль иегері.        

Қытайдағы қазақтар арасында айтыскерлігімен кең танымал ақын Әбдіғани Безілханұлының алғашқы жыр жинағына әр жылдары жазған түрлі тақырыптағы өлеңдері енгізілген.

Іс-шараға филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов, Талғар аудандық мәслихатының хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, әдебиеттанушы Омарәлі Әділбекұлы, ақын Қайрат Құлмұхаметұлы, ақын Бақыт Жағыпарұлы, жазушы, журналист Жанарбек Әшімжан және т.б. қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараны журналист Жарқын Сәленұлы жүргізіп, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Әбдіғани Безілханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.