+7 (727) 267-28-83

DSC 0197

2019 жылғы 10 қазанда «Жастар жылы» аясында Алматы қаласының жас дарынды суретшілерінің туындылары қойылған көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің туындылары қойылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы көрменің ашылуымен құттықтап, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, профессор Тұрғынбай Болат Сырлашұлы мен Ұлттық өнер академиясының Музей және галерея меңгерушісі Тоқпанова Майя Қызтуғанқызына алғысын айтып, сөз кезегін берді.

Көрменің ашылу лентасын ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы мен профессор Тұрғынбай Болат Сырлашұлы кесті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, клуб мүшелері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қала тұрғындары мен қонақтарына және кітапхана оқырмандарына арналған көрме қазанның 18-не дейін жалғасады.

Келем деушілерге есік ашық!                                         

DSC 0237   DSC 0231
DSC 0215   DSC 0208

 

Сайтта

Қазір сайтта 214 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.