+7 (727) 267-28-83

21

2019 жылғы 11 қазан, сағат 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы,  ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесi, ҚР Тұңғыш Президенті қоры "Алтын тобылғы" әдеби байқауының бас жүлдегері Мақпал Мысаның «Ұлы дала жырлайды» атты кездесу кеші өтті.     

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.                                                                        

Шараның модераторы ЖШС «Қазақ және Шалқар радиолары» Алматы филиалының жетекшісі, ақын Бақыт Жағыпарұлы.                                                    Кеште, Тұран университеті мен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің студенттері мен  Кенен Әзірбаев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы С.Д.Ерғали  ақын шығармашылығынан өлендер оқыды.               

Сонымен қатар Мақпал Мысаның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрсетілді. Шығармашылық кеш сұрақ-жауап үрдісінде өтті.         Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысады.

22   23
24   25

 

Сайтта

Қазір сайтта 133 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.