+7 (727) 267-28-83

40

2019 жылғы 15 қазанда Н.Дәулетова залында 15 қазан – Алматы қаласының кітапханалары күніне орай оңтүстік астанамыздың кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті.

Шара аясында Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі Алиев Данияр Абзалиденұлы Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерін марапаттады. Олар, атап айтқанда, ҚР Ұлттық кітапханасының Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы, Диссертациялар бөлімінің жетекшісі Бахтыгереева Гүлнар Махметқызы, Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің персоналмен жұмыс жөніндегі топ жетекшісі Базарбаева Сәуле Жұмашқызы, Ұлттық библиография қызметінің топ жетекшісі Үсенбаева Шолпан Байтіқызы, Ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі Шуленбаева Айтолқын Нұрсағатқызы, Баспа қызметінің топ жетекшісі Тәжібаева Гүлхан Шалдарқызы, Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Байдарова Айзада Қыдырбайқызы,  Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Әзіретбергенова Эльмира Жарылқасынқызы марапатталды.  

Сондай-ақ, салтанатты кеште Бостандық ауданы әкімшілігінің Тілдер дамыту және мәдениет бөлімінің жетекшісі Қуанышев Бекжан Орынбайұлы кітапханашыларды Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Олар: анықтама-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің топ жетекшісі Жумаева Алия Советқызы, қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің топ жетекшісі Бекмухаметовна Эльмира Абылайқызы, цифрлық технологиялар қызметінің топ жетекшісі Иманбаева Айгүл Серікқызы, техникалық-пайдалану қызметі күзет қауіпсіздігінің топ жетекшісі Муналбаев Нұркелді Дәуренбекұлы, әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Ағымановна Динара Амантайқызы, ғимаратқа қызмет көрсету қызметінің қойма меңгерушісі Душова Бақтығайша Бағдатқызы.

41   42
43   44

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.