+7 (727) 267-28-83

111

2019 жылғы 18 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында қазақ баспасөзінің ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, белгілі қаламгер Сайраш Әбішқызының «Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, кездесуді жүргізуді модератор халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мағира Қожахметова мен «Қазақ» радиолары» ЖШС Алматы филиалының жетекшісі, ақын Құтпанбаев Бақыт Жағыппарұлына ұсынды.

Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «География және табиғат» журналының бас редакторы  Әбубәкір Қайран, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, жазушы Еркін Жаппас Сайраш Әбішқызының «Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым» атты  еңбегі туралы жылы лебіздерін білдірді.

«Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым» кітабының лентасын Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып,  «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, журналист Қали Сәрсенбай, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мағира Қожахметова  кесті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қаламгерлер, білім беру саласының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

222   333
444   555

 

Сайтта

Қазір сайтта 423 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.