+7 (727) 267-28-83

052019 жылғы 23 қазан, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасы белгілі қазақстандық жазушы Герольд Карлович Бельгердің 85 жылдығына орай жазушының Мемориалдық кабинетінен алынған материалдардан Алматы қ. Наурызбай ауданының № 187 орта мектебінде көшпелі экспозиция ұйымдастырды.

Іс-шараның қонақтары болған жазушының жұбайы мен қызы Р.З. Хисматуллина, И.Г. Ковалева, белгілі қазақстандық ақын З. Кдралина. Ақын жазушыға арнаған өлеңдерін оқыды.

Көрмеге Герольд Бельгердің Мемориалдық кабинетінен жеке заттары: портреттері, фотосуреттері, үстел шахматы, киімдері, кітаптары және басқа да экспонаттары қойылды. Сондай-ақ, іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасындағы Г.Бельгердің кабинеті туралы фотокөрме ұсынылды. «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б. Жаркналова Мемориалдық кабинеттің қызметі туралы айтып, экспозициямен таныстырды.

Іс-шара ардагерлер мен студенттердің орындауындағы әдеби-музыкалық композициямен сүйемелденді. Естелік кеш дизайнер-декоратор, батикист Ажар Қанатқызы Төлеубаеваның және Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы «Ардагерлер ұйымының» тікелей қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушылар: Г.Бельгердің туыстары, қала жұртшылығы, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері, мектеп оқушылары және тұрғындар.

06   07
08   09

 

Сайтта

Қазір сайтта 284 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.