+7 (727) 267-28-83

DSC 00942019 жылғы 25 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов атындағы залында қоғам қайраткері, киноактер Нұрлыбай Есімғалиевтің шығармашылық кеші және «Шаңдыкөл аспаны» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукерсер рәсімі Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Адай», «Сарыарқа» күйлерімен басталып, шараның модераторы – әнші, ҚР Мәдениет қайраткері  Қайралиев Тұрарбек салтанатты кешті ашу үшін ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлына сөз берді. 

Мерейтой иесі – Н.Есімғалиевтің   шығармашылық жолы туралы ақын Болат Жетекбай баяндама жасап, актердің кинодағы рөлдерінен үзінді көрсетілді.

Шарада Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі Алиев Данияр Абзалиденұлы Алматы қаласы әкімінің құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар Орал облысы мәслихатының хатшысы Тәжімұратов Нағим, Бөкей Ордасы ауданы әкімінің өкілі Қитанов Меңдібай Нұрлыбай Есімғалиевке Орал облысы мен  Шаңдыкөл ауылының құттықтауларын жеткізіп, жылы лебіздерімен бөлісті. 

Шығармашылық кеште Нұрлыбай Есімғалиевтің «Шаңдыкөл аспаны» атты кітабының лентасын жазушы, кинорежиссёр, сценарист, ҚР Кинемотография одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, актер, продюсер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов, Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі Данияр Алиев кесті.

Іс-шараға кітапхана оқырмандары, студенттер және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0089   DSC 0109
DSC 0154   DSC 0154

Сайтта

Қазір сайтта 190 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.