+7 (727) 267-28-83

02 0609 3

2019 жылдың  9 қыркүйектен - 1 қараша аралығында Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облысының аудандық кітапханаларынан 66 маман Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  базасында құрылған Каталогизатор мектебінде оқудан өтті.

Тыңдаушылар библиографиялық жазбаларды жасау ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттармен, сондай-ақ каталогтаудың негізгі ережелерімен және нақты құжат түрлерін каталогтау ерекшеліктерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда ноталарды, картографиялық, бейнелеу материалдарын, электрондық ресурстарды, диссертацияларды, авторефераттарды, сондай-ақ күрделі кітаптарды, мысалы, аударылмалы кітап, екі, үш тілдегі кітап, түрлі конференциялардың материалдары және топтық өңдеу сияқты құжаттарды каталогтау үрдістері қарастырылды.

Тыңдаушылар грампластинкаларды сандық форматқа ауыстыру технологиясына және оның библиографиялық жазбаға бекітілуіне белсенді қызығушылық танытты. 

Тәжірибелік сабақтар ҚР Ұлттық кітапханасы әзірлеген Web-RABIS жүйесінде өтті. Мамандар отандық бағдарламаның  ұқсас жүйелерден артықшылығын жоғары бағалап, жұмыс істеу мүмкіндіктерінің кең екенін атап өтті.

Тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен танысты. Цифрлық технологиялар қызметінде баспа басылымдарын цифрлауға арналған заманауи құрылғылар көрсетіліп, Ұлттық кітапхананың Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы (ҚазҰЭК) толтыруға қатысуы туралы айтылды.

Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары  ҚР Ұлттық кітапханасының базасында құрылған Жазбаша құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде курстан өтуге оқуға шақырды.

ҚР Ұлттық кітапханасы ресурстарды машинаоқитын каталогтаумен айналысатын  мамандарды Каталогизатор мектебіне оқуға шақырады.

07 11 1   07 11
09 13 4   DSC 0459