+7 (727) 267-28-83

photo5402485520661065145

2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Қазақ поэзиясының ханшайымы» атты еске алу кеші және «Сардар» баспасынан шыққан «Шілде», «Полдневный жар» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Мұратхан Шоқанға берді.

Шарада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мағира Қожахметова, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов, ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев, ақын Алмас Ахметбекұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғарифолла Әнес, Фариза Оңғарсынованың сіңілісі Айман Оңғарсынова және тағы басқалар ақын шығармашылығы мен өміріне тоқталды.

Салтанатты кеште Ұлттық кітапхананың «Жас қалам» жастар бірлестігінің мүшелері Фариза Оңғарсыноваға арналған арнауларын айтып, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының ханшайымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада Тұран университетінің студенттері Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан  үзінділер оқыды.

Мерекелік кешке зиялы қауым өкілдері, студенттер, кітапхана қызметкерлері мен  оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

photo5399818646617959273   photo5402485520661065137
photo5402485520661065138   photo5402485520661065147