+7 (727) 267-28-83

 «Қазақстан кітаптары» қызметі екі оқу залдарын құрайды:

 - «Қазақстан кітаптары» оқу залы;

 - Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу зал.

«Қазақстан кітаптары» оқу залында жиі сұранысқа ие Қазақстан туралы барлық білім саласы бойынша шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар орналасқан. Оқырмандар үшін көркем және салалық әдебиетке, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан кітаптар сериясына, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийінің құжаттарына анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктер және басқа да басылымдарға ашық қор ұйымдастырылған. 2016 жылы Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов пен белгілі қазақстандық жазушы Г.К.Бельгерге мемориалдық кабинеттер ашылды. Оқу залында тұрақты түрде тақырыптық және жаңа басылымдар көрмелері ұсынылады.

- Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорында ҚР Ұлттық кітапханасының жалпы қорынан алынған және Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының материалдарынан ашық қор көрмесі көрсетіледі. Депозитарий қорында тарих, мәдениет және өнер, салт-дәстүрлері мен этникааралық қатынастар және қазақстандық авторларының көркем әдебиеттері, сонымен қатар Қазақстан этносы мерзімді басылымдар беттерінде ұсынылған. Топтамада Қазақстан аймағындағы көп ұлтты халықтардың тарихы мен бүгіні, қоңыс аудару үдерісі, оларды жергілікті жерлерге орналастыру, рухани мәдениетінің дамуы, салт-дәстүрлері, өнері, ғылыми еңбектері, сондай-ақ этносаралық және конфессиоаралық қарым-қатынас жөнінде зерттеу материалдарымен таныстырады. Көрмеге Г.Бельгер, И.Шухов, И.Щеголихин, В. Владимиров және т.б. қазақстандық белгілі жазушылардың шығармалары қойылған.

- Мемориалдық кабинеттердің ашылу мақсаты − қазақстандық танымал халық жазушыларының және Қазақстан Республикасының мәдениеті мен ғылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан үшін көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Кабинет қызметінің негізгі мақсаты қазақстандық көрнекті қайраткерінің есімі мен шығармашылығын қоғамға, ашық қолжетімділікте әдебиеттер қорын, альбомдарды, суреттерді, оның жеке топтамалары мен жәдігерлерін орналастыру арқылы насихаттау бойынша кітапханалық-ақпараттық жұмыс кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында қазіргі заманғы технологиямен жабдықталған, жұмыс және оқу үшін барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған. Жалпыға ортақ пайдалану үшін ашық қорда Ө.Сұлтанғазиннің жеке кітапханасынан ғылыми еңбектері, монография және мақалалары, сондай-ақ ғалымның өмірі мен қызметі туралы фотосуреттер жиынтығы ұсынылған. Залда оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетіледі. Оқырмандар үшін анықтамалық кітаптарға, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама бойынша шыққан кітаптарға, толықмәтінді ғылыми мәліметтер дерекқорларына, Интернетке, көшірмеге, кітапхананның электронды каталогына және Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялар электронды кітапханасына қолжетімдік. Жүйелі түрде тақырыптық көрмелер мен жаңа басылыдарға көрмелер ұйымдастырылады.

Байланыс тел.: (727) 272-30-31 
е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Мемориалдық кабинет

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов пен белгілі қазақстандық жазушы Герольд Бельгердің мемориалдық кабинеттері ашылды.

Мемориалдық кабинеттердің ашылу мақсаты – қазақстандық танымал халық жазушыларының және Қазақстан Республикасының мәдениеті мен ғылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан және оның беделін әлемдік деңгейге көтерген көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Кабинеттердің негізгі қызметі – қазақстандық көрнекті қайраткерлердің есімі мен шығармашылығын, ашық қолжетімділікте әдебиеттер қорын, альбомдарды, суреттерді, оның жеке топтамалары мен жәдігерлерін орналастыру арқылы насихаттау бойынша кітапханалық-ақпараттық жұмыс кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Мемориалдық кабинеттердің жұмыс аясында тақырыптық кітап көрмелері, экскурсиялар, шығармашылық кештер, байқаулар, дауыстап оқулары және т.б. іс-шаралар өткізіледі.

Байланыс тел.: +7-727-272-31-30

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Латын әліпбиін үйрену орталығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында Латын әліпбиін үйрену орталығы құрылды. Орталық қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшірудің бүкіл кезеңіне ақпараттық-кеңестік көмек көрсетеді, латын әліпбиін таныстыру және таратуға бағытталған іс-шараларын өткізеді, тілтанушы ғалымдарды тарту арқылы латын әліпбиін зерделеу курстарын ұйымдастырады, жаңа әліпбиді насихаттау және алға жылжыту бойынша бірлескен мәдени-көпшілік іс-шараларды, кітап көрмелерін және т.б. ұйымдастырады.

Сабақтар замануи ақпараттық және интернет-технологияларды пайдалана отырып кесте бойынша өткізіледі.

 

Байланыс тел.: +7-727-272-31-30

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайтта

Қазір сайтта 255 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.