+7 (727) 267-28-83

Өнер залы төмендегі қызметтерді ұсынады:

-  оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;

- оқырмандардың отандық және шетелдік музыкалық мұраға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- аудио таспаларды, CD, жазбаларды тыңдау және қарау;

- ауызша және жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;

- анықтамалық-іздестіру аппараты: қазақ және орыс тілдеріндегі ноталық басылымдардың алфавиттік каталогы; шығарма авторларының, орындаушылардың каталогы; күйтабақтар, әндер картотекасы және т. б.

Өнер залы мәдениет және өнер қызметкерлеріне: суретшілерге, музыканттарға, әртістерге, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің оқушыларына және т.б. қызмет көрсетеді.

Зал қоры өнердің түрлі жанрлар мен түрлеріне арналған 12000-нан астам дана кітаптар мен журналдарды құрайды. 50 мыңнан астам отандық және шетелдік ноталардың ең ірі топтамасы, 23000-нан астам винил күйтабақтарының жинағы бар. Оның 4000 бірлігі қазақ музыкалық мәдениетіне арналған. Қорда отандық және шетелдік классиктердің музыкалық шығармалары, барлық жанрдағы вокалдық, аспаптық композициялар, ансамбльдер, вокалдық-симфониялық, музыкалық-сахналық шығармалар, соның ішінде аудиокассеталардың, компакт-дискілердің, флэш-дискілердің музыкалық-дыбыстық жазбалары және т. б. сақталған.

Залда дыбыстық жазбаларды тыңдауға арналған жеке кабиналар, музыкалық шығармаларды ойнауға және тыңдауға арналған аспаптармен (фортепиано, домбыра, қобыз, гитара) мамандандырылған кабинет бар. Сондай-ақ, залда тақырыптық және жаңа басылымдардың көрмелері ұйымдастырылады.