+7 (727) 267-28-83

 

Диссертациялар бөлімі қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 62 000  данадан  астам Қазақстан Республикасы және ТМД елдері ғалымдарының кандидаттық және докторлық диссертацияларының бірегей ғылыми  қоры  жинақталған,  соның ішінде  37000-нан астамы диссертациялардың  микрофишалары болып табылады.

   Сонымен қатар оқырмандарға: 
- Қазақстан Республикасы және ТМД елдері ғалымдарының ағымдағы жылдағы авторефераттары; 
- Қазақстан Республикасы  диссертацияларының дәстүрлі (1982 ж. бастап) және  электронды каталогы (1992 ж. бастап); 
- Ресей ғалымдарының СD, DVD форматындағы диссертациялары; 
- 2000 жылдан бергі  Қазақстан және Ресей ғалымдарының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының реферативтік жинақтары; 
- Ресей Мемлекеттік кітапханасының Диссертациялық электронды кітапханасында жинақталған Ресей ғалымдарының 760 000 данаға жуық диссертациялары мен авторефераттарының толық мәтіндерін on-line желiciнде қарап шығу мүмкіндігі ұсынылады.

    Оқырмандарға көрсетілетін қызметтер: 
-  диссертациялар қоры, ҚР Ұлттық кітапханасы электронды каталогы және РМК Электронды диссертациялар кітапханасы қоры бойынша ақпараттық қызметтер көрсету; 
-  тақырыптық сұранымдар бойынша ауызша анықтамалар беру; 
-  дәстүрлі және электронды каталогтарды қолдану жөнінде кеңес беру; 
-  микрофишаларды оқуға арналған құрылғылармен қамтамасыз ету; 
-  деректер базасы мен өзге де дереккөздер бойынша техникалық қызметтер көрсету (көшірме жасау, басып шығару).

 Қатынас-хат үлгісі 

Байланыс тел.: (7272)72-57-09
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайтта

Қазір сайтта 244 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.