+7 (727) 267-28-83

photo5422593891821005603

2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында белгілі түркітанушы ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркия «Dil Kurumu» лингвистикалық академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың және I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Сыздық Рәбиға Сәтіғалиқызының 95 жасқа толуына орай ғалымның көп томдық шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер рәсімді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып сөз кезегін модератор – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Задаұлы Қажыбекке берді.

Шарада А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Асқар Жұбанов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлдархан Смағұлова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры,  филология ғылымдарының докторы Жаңалық Балтабаева және тағы басқалар өз  баяндамаларымен таныстырды.               

Салтанатты шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Рәбиға Сәтіғалиқызының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

photo5422593891821005601   photo5422593891821005602   photo5422593891821005632
photo5424816253928844378   photo5424816253928844381   photo5424816253928844383

https://drive.google.com/open?id=1IYZwXeevfq8US638AWrd15gytMb3KZQp