+7 (727) 267-28-83

photo5427267675232513069

2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын насихаттау мақсатында Дуалды білім беру жүйесінің негізінде А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Жүрек барда жыр өлмейді» атты әдеби сазды кеш (байқау) өтті.

 

Салатанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.

Әдеби байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қаскелең мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды жоғары оқу орындарының  «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері былайша бөлісті:

1 орын  –  Қаскелең мәдениет колледжінің  «Жалын» тобы;

2 орын –  Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қызғалдақ» тобы;

3 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Руханият» тобы.        

Байқаудың жеңімпаздары мен белсенді қолдаушылары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

photo5427267675232513062   photo5427004428097006404   photo5427267675232513057
photo5426858923194952467   photo5426858923194952465   photo5426858923194952464