+7 (727) 267-28-83

photo54495722220846889072019 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Парламент Мәжілісінің төрағасы болған Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші және ҚР Ұлттық кітапханасы жазушының 80 жылдығына орай  өмірі мен қызметіне арнап дайындаған библиографиялық көрсеткіш пен «Арыс» баспасынан шыққан энциклопедияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан   Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор – Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (2003), филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, баспагер, ғалым Ғарифолла Әнеске берді.

Тұсаукесер рәсімінде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмин Тұяқов, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғалым, профессор Өмірзақ Айтбаев, тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Өтениязев, филология ғылымдарының докторы, сыншы, ғалым Дандай Ысқақ, қоғам қайраткері, ақын Темірхан Медетбек және тағы басқа зиялы қауым өкілдері Әбіш Кекілбаев туралы естеліктерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

photo5447226027479772662   photo5449572222084688899
photo5449572222084688897   photo5447226027479772660

 

Сайтта

Қазір сайтта 169 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.