+7 (727) 267-28-83

DSC 0134

2020 жылғы  9  қаңтарда  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Атамұра» корпорациясының Ұлттық кітапхана қорына аса құнды 1000 кітабын сыйға тарту  рәсімі өтті. 

 

Шараның модераторы – ақын, Мәдениет қайраткері Серік Қали алғысөзді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына ұсынды.

Шара барысында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, «Атамұра» корпорациясының президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы сөз алып,  Ұлттық кітапхана қорына аса бағалы әрі құнды 1000 кітапты сыйға тартты.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы   «Атамұра» корпорациясының президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлына  «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ, шара барысында «Барыс» орденінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, жазушы, драматург Дулат Исабеков, Мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденнің иегері, «Атамұра» баспасының ардагері, жазушы Кәдірбек Сегізбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, сыншы Қуанышбай Құрманғали және тағы басқалар игі іске тілектестік білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартылған 1000 кітаптан көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Атамұра» корпорациясының өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0054   DSC 0043   DSC 0098
DSC 0104   DSC 0112   DSC 0129

 

Сайтта

Қазір сайтта 207 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.