+7 (727) 267-28-83

DSC 01232020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылады.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова, директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова, директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева  және т.б кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысының мақаласына тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.

ҚР Ұлттық кітапханасының Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап әзірленген мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің барысы жан-жақты сөз болды.

Жиында сондай-ақ, Мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген бірқатар өзекті мәселелеріге назар аударылып, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға Ұлттық кітапхана қызметкерлері де нақты үлес қосатындықтарын жеткізді.

DSC 0081 DSC 0086
DSC 0088   DSC 0113