+7 (727) 267-28-83

abaj 175 let

2020 жылғы 16 қаңтар, 11.00-де «Қазақстан кітаптары» оқу залында ұлы қазақ ағартушысы және философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Абай әдеби орталығының салтанатты ашылуы болады.

Абай әдеби орталығының ашылу мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, классигі Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Әдеби орталық ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Абай шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрмесін ұсынады: өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, ақын шығармалары мен әлем халықтарының түрлі тілдеріндегі аудармалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, электрондық және музыкалық басылымдар, Абайдың толық шығармалары. Орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен толықтырылып отырады.

Еліміздің басты кітап сақтаушысы, ақпараттық орталығы, халықтың мәдениеті мен демалыс орталығы ретінде ҚР Ұлттық кітапханасы негізінде Абайдың әдеби орталығын құру заңды және философиясын жаппай зерттеу саласындағы шығармашылық жобалар мен көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, Орталық әйгілі жазушылармен және ақындармен кездесулер, тақырыптық байқаулар мен экскурсиялар, бейнелеу өнері көрмелерін, Абай шығармаларын білуге арналған жоғары деңгейлі оқуларды ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Ақын 170-тен астам өлеңдер мен 60-қа жуық аудармалар («Қара сөздер»), жазбаша өлеңдер, нақыл сөздер жазған. Абайдың алғашқы өлеңдерінің ішінде шығыс классикалық поэзиясы стилінде, сол кезеңдегі суырып салма ақындар шығармашылығы рухында құрылған таңғажайып өлеңдер бар. Абай дүниетанымының қалыптасуына шығыстың ақындары мен ғалымдары – Фирдоуси,  Навои, Низами, Физули, Хожа Хафиз, сондай-ақ орыс классиктерінің еңбектері әсер етті. Ол И.А. Крылов, М.Ю. Лермонтов, Гете және Байрондардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның қызығушылықтарына әлемдік мәдениет пен философия кірді.

Абай Құнанбаев, сонымен қатар талантты және ерекше композитор болған. Ол қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуенді жарыққа шығарды, ал оның «Көзімнің қарасы» өлеңі халыққа кеңінен танымал болды.

Көрнекті ақын және ағартушы Абайдың бейнесі әдебиет, музыка және бейнелеу өнерінде сақталған. Еңбектері әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекет және Ленин сыйлығының лауреаты М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиеті қазынасының жауһары.

Абай әдеби орталығының салтанатты ашылуы барысында ұлы ақынның өлеңдері мен әндері, Абай мен Мұхтар Әуезовтің туыстары мен достарының естеліктері тыңдалып, кітап көрмесі ұсынылады.

Ұлттық кітапханадағы Абай әдеби орталығының ашылуына ақынның ұрпақтары, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, оқытушылыр мен ЖОО-ның студенттері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және т.б шақырылды.

Сайтта

Қазір сайтта 192 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.