+7 (727) 267-28-83

02

2020 жылғы 16 қаңтар, 11.00-де «Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақтың ұлы ақыны және философ  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай әдеби орталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Абай әдеби орталығының ашылу мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, классигі Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Әдеби орталыққа ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған Абай шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрмесін ұсынды. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, оның шығармалары мен әлем халықтарының  тілдеріне  аударылған, белгілі абайтанушылармен, филологтар, ақын-жазушылардың еңбектері, электрондық және музыкалық басылымдар, Абайдың толық шығармалары қойылды. Орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен толықтырылып отырады.

Еліміздің басты кітап сақтаушысы, ақпарат  орталығы, халықтың мәдениеті мен демалыс орталығы ретінде ҚР Ұлттық кітапханасы негізінде Абайдың әдеби орталығын құру заңды және Абайдың философиясын жаппай зерттеу саласындағы шығармашылық жобалар мен көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға  үлкен  мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ,  орталық әйгілі жазушылармен және ақындармен кездесулер, тақырыптық байқаулар мен экскурсиялар, бейнелеу өнері көрмелерін, Абай шығармаларын білуге арналған жоғары деңгейлі оқуларды ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Абай әдеби орталығының ашылуына ұлы ақынның ұрпақтары, белгілі қоғам қайраткерлері, белгілі жазушылар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, студенттер, кітапхана оқырмандары, БАҚ және т.б. қатысты.

Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Абайдың 175 жылдығын мерекелеуге арналған көптеген іс-шаралардың басталуына мүмкіндік береді. Модератор ретінде ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбеков болды. Лента қию салтанатты рәсімі өтіп, ақын Талант Арынғали ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арнау орындады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуез Абайдың өмірі мен шығармашылығы  және сол кезеңдегі «Зар заман» туралы айтып берді. Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығына алғысын білдіріп, Абайдың қазақ халқына арнаған өлеңдерінің бүгінгі күні де өзекті екендігін атап өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Асылы Осман өз сөзінде ақынның ұлылығын, шығармашылығын ерекше атап өтті. Экономика ғылымдарының докторы, академик Сәбден Оразалы өзінің Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген «Абай және әлем өркениетінің болашағы» атты кітабын Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында Абай шығармаларын әлемнің басқа тілдеріне аударуды ұсынды.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының және Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртістері Жалғас Толғанбай мен Ернат Күншібаев Абайдың бейнелерін көрсетті.  Халық әншілері Нұржан Жанпейісов пен Саят Нұрғазиннің орындауында Абай Құнанбаевтың өлеңдері шырқалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жастары Абайдың өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде оқыды. Кітапханашы Қ. Қасымбекова  қонақтарды  Абай әдеби орталығындағы кітап көрмесімен таныстырды.

01   03
04   05

 

Сайтта

Қазір сайтта 515 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.