+7 (727) 267-28-83

81 main

Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 80 жылдығына арналған "Бейбітшілік, келісім және тұрақтылық - Қазақстанның басты байлығы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазіргі әлемдік тарихтың ауқымды тұлғасы. Ол бүкіл елдер қоғамдастығына мемлекеттің бейбіт, ядролық қарусыз саясаты туралы мәлімдей отырып, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығара алды. Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығымен экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлауы, тарих барысы мен көреген, сенімді саясаты Қазақстанның көпэтносты негізінде тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, оны әлемнің прогрессивті ойлайтын саясаткерлері қатарына көтерді. Бүгінгі таңда Қазақстанда құрылған қоғамдық бейбітшілік пен келісім үлгісінің бірегейлігі туралы бүкіл әлемде, оны "Қазақстан жолы" немесе "Назарбаев моделі" деп атайды. Бұл тәжірибе бүкіл әлемнің саясаткерлері мен ғалымдарының қызығушылығын тудырады. Қазақстан Президентінің идеялары мен бастамалары терең зерттеулердің мәніне айналуда, олар туралы жетекші бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ әлемдік державалардың көшбасшылары айтады, жазады.

Президент Н. Назарбаевтың арқасында шет елдер әріптестігінің берік іргетасы қаланды. Көптеген жылдар бойы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев елдер арасындағы достықты нығайту үшін көп күш салды. Ол жаһандық ядролық қарусыздану үдерісіне баға жетпес үлес қосты.

Елбасының стратегиялық бастамалары - "Қазақстан 2030", "Қазақстан 2050", "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" даму бағдарламалары, «Мәңгілік ел», «ХХІ ғасырдағы Әлем», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» «Ұлы даланың жеті қыры», сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаумен, астананы Ақмолаға (қазіргі Нұр-Сұлтан) көшірумен байланысты тарихи кезеңдер, Тұңғыш Президенттің иннаугурациялық, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференциялардағы сөйлеген сөздері, қазақстандық қоғамды дамытудағы басты бағдарламалар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев - заманауи саясаткер, жаңа үлгідегі көшбасшы, елді жаңғырту идеясын іске асыруға бағытталған ақыл-ойдың прогрессивті қоймасы.

Қазақстан ТМД-ның кейбір елдерінен елдегі бейбітшілікпен және тұрақтылықпен, экономикалық өсім байқалуымен ерекшеленеді. Қазақстанда бейбіт өмір сүретін әр түрлі ұлттар  және этникалық халықтың әл-ауқатын көрсететін мемлекеттің үлгісі бола алады.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ағылшын, француз, неміс, парсы, түрік тілдеріндегі Н.Ә.Назарбаевтың қызметінің барлық қырларын ашып көрсететін шығармалары қойылған.