+7 (727) 267-28-83

slide 0«Қазақстан кітаптары» оқу залында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, сонымен қатар Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның саяси қайраткер ретіндегі мемлекеттік идеологиясының қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өтті.

Моңғол империясының ыдырауынан кейін құрылған мемлекеттердің ішінде Алтын Орда түріктердің саяси және этникалық тарихы үшін ерекше маңызға ие болды. Алтын Орда – Еуразиядағы ортағасырлық мемлекет. 1224-1266 жылдары Моңғол империясының құрамына кірді. Хандықтың құрылу тарихы мен мұрасын жалғастырушы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының игілігінде болды.

Жошы ұлысы кең байтақ Алтын Орда мемлекетіне айналды. Алтын Орда шығыста Ертістен Балқашқа дейін, батыста – Қара теңізден Дунайға дейін созылды. Бату Жошының ұлы, Шыңғысханның немересі,  батысында Венгрия мен Польшаны, ал оңтүстігінде – Кавказдың көп бөлігін жаулап алды (1236-1256). Батудан кейін хан Берке (1257-1266), Мүнке Темір (1266-1280), Туда Мүнке (1280-1287), Төле-Бука (1287-1291), Тоқты (1291-1312), Өзбек (1312-1342), Жәнібек (1342-1351) өз мүмкіндіктерінің күшімен Алтын Орданың иеліктерін кеңейтіп, оның күшін нығайтты.

Алтын Орданың найза мен қылыштың бағындыруымен  бодандықта келген шығыс бөлігінің тұрғындары алашұбар болды. Олар ислам, христиан, тенгриан және басқа діндерді ұстанды  және ұйғыр жазуын қолданды. Мемлекеттік тіл - шағатай тілі болды. Алтын Орданың астанасы – Беркеде және Бату, Үргенч, Хорезм, Сығанақ қалаларында гуманитарлық ғылымдар, әдебиет және қолданбалы өнер дамыды. Ғалымдар әл-Фараби, Авиценна, Бируни, Сығанақ, Бақырғани шығармаларын зерттеп, сонымен бірге жеке зерттеулер жүргізген. Олар ғылымды одан әрі дамытты, жазушылар мен ақындардан рухани бай мұра қалдырды: «Қиссасу-л-анбия» Рабғузидің, «Қисса Жүсуп» Әлидің, «Гүлістан» Сайф Сарайдың, «Бостан» Саадидың, «Жум-Жума» Хусам Катибаның, «Хосров и Ширин» Кутибтың, «Ташшукнам», «Салнама» Сейдахметтің, «Юсуф пен Зулейхана» Дурбектің және т.б. Алтын Орда халықтарының этникалық құрамы да әртүрлі болды, осыған байланысты қоғамның шаруашылық-мәдени түрлерінің қалануы әр түрлі болды. Мемлекеттің далалық бөлігі Дешті Қыпшақта: қыпшақтар, арғындар, қоңыраттар, керейлер, уақтар, қаңлылар, наймандар және т.б. сияқты түркітілдес тайпалар өмір сүрді. Олар көбінесе мал өсірумен айналысқан.

ХІІІ-ХIV ғасырдың екінші жартысындағы  Алтын Орданың тарихы ресейлік князьдіктермен үздіксіз соғыстарға толы болды және оның мұрагерлері Әзірбайжанға және Оңтүстік Каспий маңының  тағы да басқа жерлеріне  құқықты  даулауға тырысты. ХV ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше дербес  хандыққа бөлінді, оның бір бөлігі – Үлкен Орда ХVI ғасырдың басында өз хандығын тоқтатты.

Алтын Орда Еуразия халықтарының арасында  үлкен маңызға ие болды.  Көптеген аймақтарда мемлекеттіктің қалыптасуына; - моңғол-түркі-славян мәдениеттерінің байланысын нығайтуға; - Алтын Орда дәуірінің батуы және Еуразия құрлығында жаңа тарихтың басталуына; - ұзақ өзара қақтығыстарды тоқтату және Ресейді, сондай-ақ Қытайдың біріктіру үдерісін аяқтауға  және Моңғолия билігінің сауданы, халықаралық қатынастарды дамытуына, бірлесіп пошта қызметі жүйесін енгізуге; - алыс халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар орнатуға; сауда керуендерін, ұлыстардың аймақтарына дипломатиялық миссияларды бекітуге ықпал жасады; - саяхатшылар алыс жерлерге сапар шегіп, Еуропаға бұрын-соңды белгісіз Азияның елдері мен халықтары туралы ақпарат алып келді; - моңғолдардың далаға орталық билік идеясын енгізді, бұрын ұйымдастырылмаған тайпаларды біріктірді; - моңғолдық дәуірден кейінгі Қазақстан аумағында пайда болған хандықтағы  әлеуметтік ұйымдастыру нормалары мен  мемлекеттіктің нысандарын қолданды.

«Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» атты кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Алтын Орданың тарихы туралы, оны билеушілер және т.б. материалдар ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырымыз!