+7 (727) 267-28-83

DSC 00702020 жылғы 23 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залында «Тұран» университетінің ректоры, профессор Алшанов Рахман Алшанұлының «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін модератор – технология ғылымдарының докторы, профессор Жапаров Барыс Әбікенұлына ұсынды.

Тұсаукесер рәсімінде Р.А. Алшанов «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабына тоқталып, зерттеу жұмыстарын таныстырды.

Сондай-ақ, шара аясында шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы Дербісәлі Әбсаттар Бағысбайұлы, технология ғылымдарының докторы, профессор Жиенқұлов Серғазы Ахметұлы, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты Досмұханбетов Темірхан Мыңайдарұлы және тағы басқалар кітапқа баға беріп, жылы лебіздерімен бөлісті.

Тұсаукесер рәсімінде ҚР Ұлттық кітапхана қорынан Рахман Алшановтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға зиялы қауым, ЖОО  студенттері,  , кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0042   DSC 0009
DSC 0034   DSC 0073

 

Сайтта

Қазір сайтта 226 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.