+7 (727) 267-28-83

72020 жылғы 4 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Жыр бесігі - Тарбағатай» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, сөз кезегін модератор – журналист Жарқын Сәленұлына берді.

Тұсаукесер рәсімінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ұстаз, ақын Шәмшабану Хамзақызы, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Серік Әкірамұлы,  Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбеков және тағы басқалар «Жыр бесігі - Тарбағатай» жинағына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Сонымен қатар, әнші, Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжі, халық әні бөлімінің жетекшісі Талғат Әбуғазы әнмен шашу шашты.

Іс-шараға жинаққа өлеңі енген авторлар, танымал ақын-жазушылар мен қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

4   5
     
6   8