+7 (727) 267-28-83

9

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Европаның Чехия (Прага), Венгрия (Будапешт), Словакия (Братислава), Германия (Берлин) елдерінде «Абай» орталықтары ашылып, «Абай оқулары» өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көрсетілген Абай шығармаларын насихаттау және шет мемлекеттерде «Абай» әдеби орталықтарын ашу жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі Қазақстан елшіліктерімен бірлесе отырып ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызының ұйытқы болуымен жоғарыда көрсетілген аталмыш елдердің Ұлттық кітапханаларында «Абай» әдеби орталықтары ашылып, «Абай оқулары» ұйымдастырылды.

Елімізден барған зиялы қауым өкілдерінің ішінде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай және басқа да кітапхана саласының мамандары орталықтардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Европа жұртшылығына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттады.

Сонымен қатар, «Әлем таныған Абай» атты дөңгелек үстел және иллюстративті-кітаптар көрмесі, «Абай әлемі» атты фотокөрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.

10   13
11   14