+7 (727) 267-28-83

1 5

2020 жылғы 7 ақпан, сағат 19:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары  оркестрінің Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құрметіне өткізген «Абай әлемі» атты мерекелік концертіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Кітап көрмесінің мақсаты – қазақ халқының  ұлы ақыны  Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық  кітапханасының қорынан  ақынның туып өскен жері мен өмір жолы туралы материалдар, поэмалары мен лирикалық өлеңдері, қара сөздері және шығармаларының аудармалары, Абайды әртүрлі қырынан зерттеген ғалымдардың басылымдары қойылды. Кітап көрмесімен «Қазақстан кітаптары» тобының жетекшісі  М.Ж.Акбаева таныстырды. Сонымен қатар, «Абай әлемі» мерекелік концертіне ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасарлары А.Х. Юсупова мен  Н.А. Искалиева арнайы барды.

Кітап көрмесіне көпшілік қауым қызығушылық танытып, сонымен қатар, Алматы технологиялық университетінің студенттері Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, басқа ЖОО-ның студенттеріне поэзиялық эстафетаны жолдады.

1 1   1 3
1 2   1 4   1 6

 

Сайтта

Қазір сайтта 220 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.