+7 (727) 267-28-83

sakieva«Өнер» бөлімінің оқу залында Қазақстанның халық әртісі Сәкиева Күләш Сырымбетқызының (1920-2019) 100 жылдығына арналған «Қазақ театр өнерінің майталманы» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

Сәкиева Күләш 1920 жылы 15 ақпанда Зайсан қаласында дүниеге келген. Бала кезінен төрт ағасы секілді  музыкаға жақын болады. 1930 жылдары білімді ағасы Сапарғалидың ықпалымен Алматы қаласына келіп, рабфактың «мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша оқиды. 1937 жылы  рабфактағы оқуын аяқтамастан, Алматы Мемлекеттік театр училищесінің кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың  класына қабылданады. 1941 жылы  осы оқу орнын үздік бітіріп, дипломдық жұмысында Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» пьесасындағы Луизаның рөлін сомдап шығады. Сол жылы Жамбыл облыстық драма театрының труппасына қабылданды. Осы театр сахнасында  Еңлік (М. Әуезовтың «Еңлік-Кебегінде»), Баян, Қыз Жібек (Ғ. Мүсіреповтің  «Қозы көрпеш – Баян сұлуы», «Қыз Жібегінде»), Луиза (Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында»), тағы басқа рөлдерді сомдайды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл еңбеккерлері мен жаралы жауынгерлер алдында өнер көрсетті. 1952 жылдан Семей музыкалық драма театрында еңбек етті. Мұнда Жүзтайлақ (М. Әуезовтің «Түнгі сарынында»), Ақтоқты, Қамқа (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан Сері – Ақтоқтысы» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында», Бану (Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңызында»), Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» және т.б. рөлдеде ойнады. Қазақ халық әндерінің орындаушысы, 60-тан астам ән мәтіндерінің авторы. Сахнада 70 жылдан астам өнер көрсетіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Саяси қызметке белсене атсалысып, 1955 жылы 4-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1971 Қазақстан Комунистік партиясының ХІІІ съезіне қатысты.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан Күләш Сәкиеваның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 307 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.