+7 (727) 267-28-83

image 18 02 20 12 40 3

2020 жылғы 14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының «әл-Фараби» ғылыми орталығында белгілі жазушы, драматург Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың «ФАРАБИ» атты 7 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашты.

Шара аясында мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Алматы қаласы әкімдігінің кеңесшісі Данияр Абзалиденұлы тағы басқа қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері Әбу Насыр әл-Фарабидің даналығына тоқталып, «ФАРАБИ» 7 томдығының қазіргі қоғам мен болашақ үшін қаншалық құнды екендігін айқындап,  Роллан Шәкенұлына алғыстарын білдірді.

Жинақ ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша Халықаралық «Абай» клубының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Әлем халықтары әдеби университетінің қолдауымен жарық көрді.

«ФАРАБИ» 7 томдығы:

  • І-том: Қайырымды қала
  • ІІ-том: Философиялық трактаттар
  • ІІІ-том: Әлеуметтік-этикалық трактаттар
  • ІV-том: Музыка туралы үлкен кітап
  • V-том: Ғылым туралы кітап
  • VI-том: Ой-сана туралы кітап
  • VІІ-том: Ұстаздың оралуы

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

image 18 02 20 12 40   image 18 02 20 12 40 2