+7 (727) 267-28-83

Өнер» бөлімінің оқу залында мүсінші,  Қазақстанның халық суретшісі Мергенов Еркін Тілекұлының (1940-2015) 80 жылдығына арналған «Қазақ мүсін өнерінің мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

31393

Еркін Мергенов 1940 жылы 6 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1957-1962 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемөнер  училищесінде, «Мүсін өнері» бөлімінде оқиды.  1973 жылы Мәскеу қаласының В.И.Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтын профессор Л.Е.Кербельдің шеберханасында оқып шығады. 1987-1992 жылдары және 1998 жылдан  Қазақстан Суретшілер Одағының Төрағасы болып сайланады. 1980 жылдан бастап  Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып, 1986 жылы доцент,  кейін профессор болады. Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етті. Еңбектерінің ішінде: «Махамбет» (1973, қола), «Олжас Сүлейменов портреті» (1982, қола), «Қазақ КСР-нің халық әртісі Е.Өмірзақов» (1982, гипс), «Жаңғырық» (1983), «XX ғасыр» (1988) және т.б. портреттер топтамасы бар.

2000 жылы «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығына ие болған.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан Еркін Мергеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

 

Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 289 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.