+7 (727) 267-28-83

Н.Дәулетова атындағы залында Ыстанбұлдағы Түркітану зерттеу институтының доценті  Өмер Құлдың «Алтай қыраны Оспан батыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, сөз кезегін Оспан Батырдың немересі Оспанов Өркен Нәбиұлына берді. Ол атасы туралы кітаптың авторы Өмер Құлға алғысын айтып, иығына шапан жапты. Ғалым Өмір Құл тұсаукесерге қатысушыларға ризашылығын білдіріп, Оспан батырдың өмір жолы мен ерліктеріне тоқталды.                                       

Тұсаукесер рәсімінде ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушылары Нұрат Ілияс, Мырзахан Егембердиев, Зубайда Шадкам және тағы басқалар «Алтай қыраны Оспан батыр» кітабы жайында жылы лебіздерімен бөлісті.         

Шараға зиялы қауым, студенттер, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сайтта

Қазір сайтта 225 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.