+7 (727) 267-28-83

1 1Қазақ дипломатиясы: қалыптасу және даму тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі (1899-2018 жж.): библиографиялық көрсеткіш: 2 бөлімнен тұрады. І бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Б.С. Балғымбаева, М. Оқап; ғылыми ред. А.Ш. Алтаев; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. – Алматы, 2019. – 230 б.

Библиографиялық өрсеткіш Н. Сәбитовтың 1944 жылғы «Қазақ дипломатиясы тарихының библиографиялық әдебиеті» атты жарияланбаған көрсеткішін толықтырады.

Көрсеткіште 1899 жылдан 2018 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылған.

Құрал ғылыми қызметкерлерге, тарихшыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

 

1 6Дала фольклорының антологиясы: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; жоба жет. Б.Қ. Оспанова; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Д.Ә. Қыстаубаева, М. Оқап; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева.– Алматы, 2019.– 258 б.

Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында халқымыздың мәдени мұралары, сан ғасырлық тарихқа толы шығармаларын жинақтаған.

Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде 1859 жылдан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін жарияланған материалдарды қамтиды.

Құрал әдебиеттанушыларға, тарихшыларға, зерттеушілерге, ғы-лыми қызметкерлерге, мәдениет қызметкерлеріне, кітапханашыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

 

10001Ұлттық басылымдарды ғылыми өңдеу ерекшеліктері: әдістемелік құрал / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Н.Ш. Балсейітова, Н.А. Искалиева; ред. Ф.Қ. Бектурбекова, Ф.У. Сыдықжанова.- Алматы, 2019.- 36 бет

Нұсқаулықта жалпы ұлттық басылымдардың электрондық сипаттамасын қалыптастыру ұстанымдары мен қолданылу ережелері ұсынылып, Web-RABIS бағдарламасы негізінде атқарылып жүргізілетін жұмыс тәжірибесі барысында толық библиографиялық сипаттама беру жайлы іскерлік кеңестер мен құжаттарды ғылыми өңдеу үлгілері берілді.

Бұл әдістемелік құрал ҚР Ұлттық кітапханасына ағымдағы келіп түскен құжаттардан электрондық ақпараттық-библиографиялық ресурстар қорын түзетін библиограф-классификатор мамандар мен арнайы салалық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.