+7 (727) 267-28-83

5Строки, опаленные войной: каталог (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған) / ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы кітапханасы; ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: М.О. Әбдікәрімов; Н.А. Искалиева; Б.Қ. Оспанова; Ә.Ш. Сәйдембаева; Е.Е. Сайлаубай. – Астана-Алматы: ҚР Ұлттық кітапханасы, 2015. – 74 б.

Каталогта Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтарға арналған монографиялар, ғылыми-практикалық конференция материалдары, естеліктер, күнделіктер, көркем әдеби кітаптар мен басқа да құжаттар көрсетілген. Каталогқа 2004-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында жарияланған және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына түскен кітаптар енгізілген. Каталог Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай шығарылған.

 

3Археология және Қазақстан этнологиясы: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. М.К. Әбілова; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева; алғы сөзін жазған А.Ш. Алтаев. – Алматы, 2015. – 405 б.

Көрсеткіш ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстан археологиясының мәселелері бойынша 1922 жылдан 2015 жылдың қаңтар айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген әдебиеттерді қамтыды. Библиографиялық көрсеткіш Қазақстан археологиясы мен этнологиясының мәселелері бойынша революцияға дейінгі кеңестік, шетелдік және отандық зерттеушілердің ізденістерімен байланысты әдебиетке арналады.

Библиографиялық құрал археологтарға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға және оқырман қауымға арналған.