+7 (727) 267-28-83

akeҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Халықаралық әкелер күнімен шын жүректен құттықтайды.

Әке әркімге қымбат. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі болса, жанұяның ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - Әкенің әр адамның өмірінде алатын орны ерекше. Ол шаңырақтың тірегі, отбасының қамқоршысы, қорғаны. Перзентінің өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі орасан зор. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау әр адамның парызы.

Осы мерейлі күнмен құттықтай отырып, әр отбасы мүшелеріне мықты денсаулық, әкеге деген шексіз құрмет пен мақтаныш сезімін, мейірім мен сүйіспеншілікті тілейміз!

 

https://www.facebook.com/nlrk.kz/videos/3875509009187805/