+7 (727) 267-28-83

032020 жылдың  25 маусымында Қазақстан Республикасы  Ұлттық кітапханасының бастамасымен  Қазақстан мен Ресейдің IFLA PAC орталықтары арасында халықаралық онлайн – кездесу ұйымдастырылды. ҚР Ұлттық кітапханасының  (Орталық Азия бойынша  IFLA PAC  аймақтық орталығы) директоры  Оспанова Бақытжамал  Қайырбекқызы   және Кузьмин Павел Леонидович,  М.И. Рудомино атындағы  Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы (Шығыс Еуропа бойынша IFLA PAC аймақтық орталығы)  директорының уақытша міндетін атқарушы   құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан мен Ресейдің екі ірі кітапханаларының басшылары жазба құжаттарды сақтау және консервациялау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. IFLA PAC орталықтары өз қызметі туралы бейнероликтерді көрсетіп, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар мен одан әрі ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарын  ұсынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА стратегиялық бағдарламасының (IFLA PAC) қатысушылары болып табылады. Кітапханаларды  көпжылдық жемісті қарым-қатынастар  байланыстырады. 2019 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы  кәсіби байланыстарды кеңейту және одан әрі дамыту, сондай-ақ мәдени алмасуға ықпал ету мақсатында екі кітапхана арасында ынтымақтастық туралы шарт жасалды. Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру саласында кәсіби тәжірибе алмасу кітапханалар арасындағы ынтымақтастықтың маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

https://www.facebook.com/nlrk.kz/videos/274676473848917/