+7 (727) 267-28-83

Sandar

Қазақстан кітапханалары – 2018 жыл. Мәліметтер мен сандар: Ақпараттық-сараптамалық шолу = Библиотеки Казахстана – 2018 год. Факты и цифры : Информационно-аналитический обзор / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Г. Искакова, А.Б. Абдрахманова, А.Н. Шуленбаева; жауапты ред.: Г.А. Маханбетова - Алматы, 2019. -  64 б.

«Қазақстан кітапханалары – 2018 жыл. Мәліметтер. Сандар» ақпараттық-сараптамалық жинағында Қазақстан Республикасындағы кітапханалар және олардың кітапханалық қызметі туралы қысқаша мәліметтер берілген.

Басылым Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми-әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртібінде енгізілген 2018 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша есептерді саралау, зерделеу негізінде дайындалды.

Қосымша кестелерде 2017-2018 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының негізгі көрсеткіштері ұсынылған.

Барлық ұсынылған ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар» атты электронды дерекқор арқылы қолжетімді.

Басылым кітапхана ісі саласының мамандарына, зертеушілер мен жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған.