+7 (727) 267-28-83

2018 4 8 «Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» 2018 ж. №4(8)

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының  2018 ж. №4  (8) санында РҒА  БҒТАИ мамандары Ұлттық  стандарт  ГОСТ  Р 7.0.90 – 2016 «СИБИД» ӘОЖ-мен, ал мәскеулік сарапшылар кітапханаларды кешенді автоматтандыру саласындағы өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, ӘОЖ енгізу сұрақтары, оқырмандармен коворкинг әдісі арқылы  жұмыс жасау, қорды толықтыру, кітапханаларды жаңғыртудағы кітапханашылардың рөлі сияқты мәселелер талқыланады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 3 7 «Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» 2018 ж. №3 (7)

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының  2018 ж. №3 (7) санында Өзбекстан кітапханасындағы қолжазбалар мен аса құнды басылымдар қоры қызметінің негізгі бағыттарын  біле аласыздар.

Журналда Жалпықазақстандық кітапханашылар сьезі, кітапханаларды дамытудың факторы ретіндегі халықаралық ынтымақтастық, орта арнаулы оқу орындарына инновациялық технологияларды енгізу және ондағы жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардағы арнайы басылым түрлерінің өзектілігі жайлы мақалалар жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 2 6

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» 2018 ж.  № 02(6)

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының  2018 ж. № 2 (6) санында кітапхана қорының электронды басылымдармен толығуы, анықтамалық-ақпараттық қызметтегі толықмәтінді электронды дерекқорлар және ҚР Ұлттық кітапханасындағы әлеуметтік желілердің қолданысы жайында білесіздер. Сондай-ақ, Әзірбайжан Ұлттық кітапханасындағы әріптестеріміз автоматтандыру арқылы кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру туралы материалды  ұсынады.                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

2018 1 5

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» 2018 ж.  № 01(5)

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының  2018 ж. № 01(5) санында көпшілік кітапханалардың атқарған жұмыс нәтижелері ұсынылады. Оның ішінде: ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық  кітапхана, Алматы және Астана қалаларының ОКЖ және облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының   жұмыстарына  толығырақ тоқталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан кітапханалары – 2017 жыл. Мәліметтер. Сандар: Ақпараттық-сараптамалық жинақ / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Г.Г. Искакова, 

Л.Б. Абдрахманова, А.Н.Шуленбаева; жауапты ред.:  Г.А. Маханбетова.–Алматы, 2018.–70 б.

Сараптама-статистикалық жинақ Қазақстан Республикасындағы көпшілік кітапханалардың есебі  және  ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz)  орналасқан 2017 жылғы «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» электронды дерекқоры негізінде құрастырылған.
Басылымда ҚР Ұлттық кітапханасындағы, Астана қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы және облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардағы кітапхана ісінің жағдайы мен дамуы туралы статистикалық және аналитикалық есептер жинақталған. 
Қосымша кестелерде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалар туралы 2016-2017 жж. негізгі салыстырмалы көрсеткіштер берілген. 
Жинақ кітапхана мамандарына, ғылыми қызметкерлерге және жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған.

 

"Кітап&Кітапхана" журналынан республикадағы кітапхана және кітап ісі саласының ғылыми, тәжірибелік және сараптамалық мазмұндағы мақалаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқи аласыздар.

Журналда бірнеше маңызды да ауқымды айдарлар қамтылған: кітап және қоғам, заманауи кітапхана, инновациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру мен мамандық, библиография әлемі. 
Құрметті әріптестер! Сіздерді осы басылым беттерінде кітапхана ісінің тарихы мен теориясын, кітапхана ісі саласындағы озық жетістіктерді, түйткілді мәселелерді бүкпесіз, барынша шынайы талқылау үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырады. Сондай-ақ, ақпараттық-инновациялық және сараптамалық мазмұндағы, осы салалардағы кәсіби біліктілік туралы мақалаларды, кітапқа қатысты дайын жобаларды, кез-келген кітап жанашырларының талап-тілектерін қабылдауға дайын. 
Біздің журналға «Эврика-Пресс» каталогы арқылы жазылуға болатынын естеріңізге саламыз. Журналға жазылу индексі: 74941.

Сайтта

Қазір сайтта 258 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.